Ақтау қаласының №17 жалпы білім беретін мектеп базасында «Математикалық прогрессия» байқауының облыстық кезеңі өткізілді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Байқаудың мақсаты - математика пәні мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсету, педагог кәсібінің мәртебесін арттыру және кәсіби қызметте жоғары жетістіктері бар шығармашыл педагогтерді таныту, мұғалімдердің өз пәні бойынша білімдерін жетілдіру үшін үздіксіз біліммен қамтамасыз ету.
Байқауда 25 стандарттық және 5 олимпиада есебі берілді. Байқауға 36 математика пәні мұғалімдері қатысты. Қазылар алқасының шешімімен:
І орынды Ураков Алибек, ІІ орынды Ерғалы Гүлжамал, Бақытжан Дүйсенбаев, Мива Исмаева, Улар Абенов, ІІІ орынды Айгерім Мамакова, Жалғасбай Орынбасаров, Орунбасаров Джалгасбай, Динара Максимова, Бақыт Спанова, Нұрсәуле Көшенова иеленді.